logo

Үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы

Үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы

17-25 мамыр аралығында Катарда өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатында спортшылар жекелей сында, ерлер мен әйелдер арасындағы жұптық сайыста, сондай-ақ аралас жұптар санатында медальдар үшін таласады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Жекелей сынға 128 теннисші қатысса, жұптық турнирлерде 64 жұп сынға түседі.

Бастапқыда Қазақстан атынан үш спортшы қатысуы керек еді. Енді олардың қатарына тағы алты спортшы қосылды.

Медаль үшін күресетін қазақстандықтар: Кирилл Герасименко (жекелей сын), Айдос Кенжеғұлов / Санжар Жұбанов (жұптық сайыс), Сарвиноз Миркадирова / Зәуреш Ақашева (жұптық сайыс), Владислав Захаров / Бақдәулет Әкімәлі (жұптық сайыс), Искадер Харки / Ангелина Романовская (аралас жұп).