logo

Үш қазақстандық қыздың қола жүлде үшін белдесуі. Анкичева, Бекеш және Казюлинаның жекпе-жектерінің тікелей эфирі

Үш қазақстандық қыздың қола жүлде үшін белдесуі. Анкичева, Бекеш және Казюлинаның жекпе-жектерінің тікелей эфирі

Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы әйелдер күресінің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары үш қола медаль жеңіп алуға мүмкіндік алды.

Қола жүлде үшін белдесетін қазақстандықтар:

50 келі — Светлана Анкичева (Қазақстан) vs Мунхар Баямбасурен (Моңғолия)
59 келі — Гүлдана Бекеш (Қазақстан) vs Менгуй Кси (Қытай)
68 келі — Ирина Казюлина (Қазақстан) vs Манси Лазер (Үндістан)

Финалдық белдесулер Астана уақыты бойынша 20:00–де басталады.

Барлық финалдық және қола медаль үшін өтетін жекпе-жектерді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.



Күн шежіресі