UFC президенті Дана Уайт пираттық трансляциялармен қалай күресуге болатынын айтты
UFC басшысы Дана Уайт Сауд Арабиясында пираттық трансляциялармен күресу үшін ақылы трансляциялардың құнын төмендету идеясына қатысты пікір білдірді. Уайт өз ұйымында бұл құбылыспен қалай күресіп жатқандарын түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Сеніңіздер, біз пираттық трансляциялармен қалай күресуді білеміз. Толығырақ айтпай-ақ қояйын, бірақ біз құқық бұзушыларды сотқа тартуды бастадық. Адамдармен соттасуды бастаңыздар», — деді Уайт баспасөз мәслихатында.
UFC пираттық трансляцияларға қарсы белсенді күрес жүргізіп, жеке стримерлерге де, оның іс-шараларын заңсыз тарататын платформаларға да сот істерін қозғауда.