УЕФА матчтары бір минут үнсіздіктен басталады
УЕФА матчтарының барлығы Валенсиядағы су тасқынынан зардап шеккендерді еске алуға бір минут үнсіздікпен басталады, деп хабарлайды Sport+.
«УЕФА барлық клубтық ойындарды су тасқынынан зардап шеккендерді еске алу ниетімен бір минут үнсіздікпен бастайды», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, Премьер-лига 24-турының «Астана» — «Ақтөбе» ойыны елордалық клубтың жанкүйері Нұрлан Ауғанбайдың мезгілсіз өмірден озуына байланысты бір минут үнсіздіктен басталған еді.