«Удинезе» мен «Торино» Италия кубогындағы жорығын бастайды: екі матч Sport+ тікелей эфирінде

«Удинезе» мен «Торино» Италия кубогындағы жорығын бастайды: екі матч Sport+ тікелей эфирінде

15 тамыз, сенбі күні Италия кубогының 1/32 финалдық кезеңінде А Сериясының тағы екі командасы алғашқы матчтарын өткізеді.

«Удинезе» өз алаңында «Падовамен» кездессе, «Торино» «Каррарезені» қабылдайды.

«Удинезе» жаңа маусымдағы алғашқы ресми матчын өз алаңында өткізеді. Команда Италия кубогының келесі кезеңіне жолдама алу үшін «Падовамен» күш сынасады. Кездесу сағат 21:30–да басталады.

Кейін алаңға «Торино» шығады. Туриндік клуб өз стадионында «Каррарезені» қабылдайды. Бұл матчтың басталуы сағат 00:15–ке жоспарланған.

Италия кубогі клубтар үшін жаңа маусымды жеңіспен бастауға және маусым барысында жүлдеге таласуға мүмкіндік береді. Әсіресе әртүрлі дивизион өкілдері кездесетін кубок ойындарында тосын нәтижелер жиі кездеседі. Сондықтан фаворит саналатын командалар алғашқы минуттан бастап барынша жинақы ойнауы тиіс.

«Удинезе» — «Падова» және «Торино» — «Каррарезе» кездесулерін sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.



Күн шежіресі