Түркия Суперлигасының 13-туры «Аланьяспор» мен «Коньяспор» арасындағы кездесумен басталады.

«Аланьяспор» ел чемпионатында қатарынан бес матчта жеңіліс тапты. Бас бапкердің ауысуы да әзірге бұл сәтсіз серияны тоқтатуға көмектеспеді.

Угур Ұчардың жетекшілігімен алғашқы үй матчын өткізетін команда сырт алаңдағы бес кездесуде небәрі бір ұпай жинаған «Коньяспорды» қабылдайды.

Қонақтардың да сырт алаңдағы көрсеткіші көңіл көншітпейді. «Коньяспор» биылғы маусымда қонақта әлі жеңіске жеткен жоқ, тіпті бірде-бір гол соға алмады.

Қай команда сәтсіз сериясын тоқтатады? Мұны 27 қарашада білетін боламыз.

Матч Астана уақытымен сағат 22:00–де басталады.

Кездесуді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.