logo

«Твенте» аутсайдермен өткен матчта ұпай жоғалтты (видео)

«Твенте» аутсайдермен өткен матчта ұпай жоғалтты (видео)

Эредивизиде үшінші орын үшін күресіп жатқан «Твенте» күтпеген жерден турнир кестесінің соңғы орнында тұрған «Валвейкпен» өткен сырт алаңдағы матчта ұпай жоғалтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч 2:2 есебімен аяқталды.

«Твенте» сапынан голдарды Сем Стейн мен Карел Эйтинг соқты, ал «Валвейк» құрамынан Ричонелл Маргарет пен Сильвестр ван дер Уотер көзге түсті.