«Дәулет» теннис орталығында 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында ATF 14&Under халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша жекелей және жұптық сында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Ұлдар арасындағы жекелей сында Арсен Доскалиев жеңімпаз атанып, алтын медальға ие болды. Екінші орынды Илья Щукин иеленсе, қола жүлдені Нұрислам Русланұлы жеңіп алды.
Қыздар арасындағы жекелей сында Марита Акатова чемпион атанды. Күміс медальді Влада Дегтярь иеленсе, үшінші орынға Кристина Бервинова тұрақтады.
Ұлдар арасындағы жұптық сында Нұрислам Русланұлы мен А. Құдайбергенов жеңіске жетті. Күміс жүлдені Б. Садвакасов пен М. Ким иеленсе, Арсен Доскалиев пен Е. Симко қола жүлдегер атанды.
Қыздар арасындағы жұптық сында А. Ерімбет пен А. Серік бірінші орын алды. Екінші орынға М. Толочная мен А. Сұлтанбаева жайғасса, А. Больвакина мен Марита Акатова үздік үштікті түйіндеді.
20 қараша күні «Дәулет» теннис орталығында жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
ATF 14&Under халықаралық турнирі жас теннисшілерге жарыс тәжірибесін жинақтауға, шеберліктерін көрсетуге және жекелей әрі жұптық сында жүлделі орындар үшін бақ сынауға мүмкіндік берді.
Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында пайдалана алады.
