16–20 қараша аралығында Орал қаласында 12 жасқа дейінгі жас теннисшілер арасында Uralsk Masters 12&Under республикалық турнирі өтті.

Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен келген жас спортшылар қатысып, ұлдар мен қыздар арасында жекелей және жұптық сындарда жүлделі орындар үшін бақ сынады.

Қыздар арасындағы жекелей сында Көкшетау қаласының өкілі Варвара Панчева жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Қостанай облысынан келген Малика Абдрахманова иеленсе, Батыс Қазақстан облысының теннисшісі Виктория Скакунова қола медаль жеңіп алды.

Ұлдар арасындағы жекелей сында Қарағанды облысының өкілі Марк Бондарев бірінші орынға ие болды. Екінші орынды астаналық Сұлтан Охап иеленсе, үздік үштікті елордалық тағы бір теннисші Нұралы Досбай түйіндеді.

Қыздар арасындағы жұптық сында Қостанай облысының өкілі Малика Абдрахманова мен алматылық Самира Сарсеева чемпион атанды. Күміс жүлдені Батыс Қазақстан облысының теннисшісі Аревик Микоян мен София Руднева жеңіп алды. Ал Атырау облысының өкілдері Даяна Жанаева мен Медина Райымбек қола жүлдегер атанды.

Ұлдар арасындағы жұптық сында астаналық Сұлтан Охап пен Эмир Қондак жеңіске жетті. Екінші орынды Қарағанды облысының өкілі Марк Бондарев пен Ақтөбе облысының теннисшісі Нұрислам Құманиязов иеленді. Қола медальдар Астана қаласының өкілдері Аарон Трюхан мен Нұралы Досбайға бұйырды.

Uralsk Masters 12&Under турнирі жас қазақстандық теннисшілер үшін маңызды жарыстардың бірі болды. Спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, тәжірибе жинақтауға және еліміздің әр өңірінен келген қарсыластарымен күш сынасуға мүмкіндік алды.

Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында  пайдалана алады.