Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында қатарынан екі WTA 125 турнирінде жеңіске жетті. Отандасымыз Колумбия мен Чилиде өткен жарыстарда чемпион атанды, деп хабарлайды Sport+.
Осы жетістіктерінің арқасында Жібек әлемдік рейтингте сегіз сатыға жоғарылап, жұптық сындағы үздік теннисшілер тізімінде 78-орынға көтерілді.
Бұл — Құламбаеваның кәсіби мансабындағы ең жоғары көрсеткіші.
Ал жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесін Анна Данилина сақтап қалды.
