Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чилиде өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+.

Отандасымыз словениялық Вероника Эрьявецпен бірге жұптық сында топ жарды.

Финалдық кездесуде Құламбаева мен Эрьявец турнирдің бірінші нөмірлі жұбы — украиналық Валерия Страхова мен ресейлік Анастасия Тихонованы екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, чемпиондық атақты иеленді.