logo

Түркістан Лига Кубогының финалын қабылдайды

Түркістан Лига Кубогының финалын қабылдайды

Лига Кубогының «Жеңіс» пен «Астана» командалары арасында өтетін финал 23 қарашада «Түркістан Арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Еліміздің 16 клубының қатысуымен өтіп жатқан Лига кубогы осы жылдың 25 мамырында басталған болатын. Алғаш болып, финалға «Жеңіс» клубы шықты. Олар В тобында қостанайлық «Тобыл» (2:0) және қызылордалық «Қайсарды» (0:1) жеңіп, бірінші орын алды. Ал жартылай финалда Акис Вавалистің шәкірттері қос матчтың қорытындысы бойынша, алматылық «Қайратпен» (2:2) тең түсіп, пенальти сериясында (3:2) басым түсті.

Қазақстанның үш дүркін чемпиондарына қарсы еліміздегі ең көп титул иегері - «Астана» клубы ойнайды. Григорий Бабаянның шәкірттері топтық кезеңде ақтаулық «Каспий» (5:0) мен қарағандылық «Шахтерді» (2:4) жеңіп, D тобында көшбасшы болды. Жартылай финалда семейлік «Елімаймен» жолдары түйісіп, қос матчта да гол соғылмады (0:0). Тек пенальти сериясында ғана (3:1) елордалықтардың мерейі үстем болды.

Айта кетейік, Кубок иегері 90 миллион теңге сыйақы алса, финалиске 50 миллион теңге сыйақы табысталады.