«Түркістан аренаға» қайта оралған «Тұран» үш ұпайды еншіледі
«Тұран» соңғы екі жыл ішінде «Түркістан аренаға» қайта оралып, өз алаңында керемет жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алдымен «Тұран» құрамында қорғаушы Иван Хомуха есеп ашты, алайда «Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы Имеда Ашортия есепті теңестірді.
Кездесуге қосылған қосымша 9 минутта алаң иелерінің шабуылшысы Александр Мишов баспен соққы жасап, өз командасына жеңіс сыйлады.
Қорытынды есеп — 2:1.