«Тұран» Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшарт жасасты

«Тұран» Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшарт жасасты

Түркістандық «Тұран» клубы 31 жастағы қазақстандық қорғаушы Руслан Валиуллинмен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руслан Валиуллин — Орал футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын «Ақжайық» клубында бастаған. 2017 жылы «Ақтөбе» клубымен келісімшартқа отырып, команда сапында 46 матч өткізді.

2019 жылы Қостанайдың «Тобыл» клубына ауысты. Кейін команда көшбасшыларының біріне айналып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ қостанайлық клубпен бірге 2023 жылғы Қазақстан Кубогын және 2024 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.

Өткен маусымды жартылай қорғаушы петропавлдық «Қызылжар» сапында өткізді.

2021 жылы алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып, Франция құрамасына қарсы матчта (0:2) дебют жасады.



Күн шежіресі