logo

Токиода Данилина мен Құламбаева үздік нәтиже көрсетті

Токиода Данилина мен Құламбаева үздік нәтиже көрсетті

Токио қаласында Билли Джин Кинг кубогінің Қазақстан мен Жапония арасындағы іріктеу матчы мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кортта жұптық сында Анна Данилина - Жібек Құламбаева әлемнің 20-ракеткалары Сюко Аояма - Эна Сибахарамен сынға түсті.

Бірінші партияда қазақстандық жұп тай-брейкте басымдылық танытты - 7:6 (9:7).

Екіншісінде жапониялықтар есе қайырды - 6:3.

Супер тай-брейкте Құламбаева - Данилина жеңіст жұлып алды - 11:9.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандықтар 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Жапониялық дуэт 3 эйс, 5 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, қорытынды есеп - 3:1, Жапония құрамасы финалдық кезеңге жолдама алды.