logo

«Тобылдың» көшбасшы ойыншыларының бірі армениялық клубқа ауысты

«Тобылдың» көшбасшы ойыншыларының бірі армениялық клубқа ауысты

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Серж Дебле еревандық «Пюниктің» қатарын толықтарды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дебле бұған дейін 2022 жылы «Пюник» сапында өнер көрсетті.

Тәжірибелі Дебле «Тобылдың» құрамында барлығы 53 ойын өткізіп, 14 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.

Қостанайлық ұжыммен бірге Серж Дебле 2023 жылы Қазақстан Кубогын иеленді, сонымен қатар 2022 жылы Премьер-лиганың қола жүлдегері атанды.

Айта кететіні, өткен жылдың желтоқсан айында Деблеге «Елімай» және «Ақтөбе» сынды басқа қазақстандық клубтар қызуғышылық танытып отыр деген алыпқашпа әңгімелер болған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от FC Pyunik (@pyunik_fc)



Күн шежіресі