logo

Радослав Цонев «Тобыл» ойыншысы атанды

Радослав Цонев «Тобыл» ойыншысы атанды

Қостанайлық «Тобыл» болгариялық жартылай қорғаушы Радослав Цоневпен келісімге келді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Радослав 1995 жылы 29 сәуірде Благоевградта дүниеге келген, жергілікті «Пирин» клубында тәрбиеленген. Ол өзінің алғашқы кәсіби келісімшартын «Левскимен» 2013 жылдың 29 сәуірінде қол қойды. «Левскиден» соң ол итальяндық «Леччеге» көшті. Мұнда 50 ойын өткізді. Кейін ол «Витебрезе» және «Монополи» клубтарына жалға берілді. 2020 жылы Цонев туған клубына оралды.

Ойыншы 2022 жылы Кырджали қаласының «Арда» клубына ауысты.

Ол Болгария ұлттық құрамасында 2021 жылы 12 қазанда Солтүстік Ирландияға қарсы Әлем чемпионатының іріктеу матчында дебют жасады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «TOBOL» FÝTBOL KLÝBY (@fctobol)



Күн шежіресі