«Тобылды» қорғаушысы «Локомотивке» ауысты
Ташкенттік «Локомотив» қостанайлық «Тобылдың» қорғаушысы Иван Рогачты қатарына қосқаны туралы жариялады.
31-жасар сербиялық орталық қорғаушы өткен маусымда қостанайлық ұжым үшін барлық турнирлерде 27 матч өткізіп, 2 голмен көзге түсті. Сосысен қатар Рогач УЕФА Конференциялар лигасында өзін жақсы жағынан көрсете білді.
Қазақстан чемпионатында Рогач бір ғана маусым өнер көрсетті.