logo

«Тобыл» клубы «Спортинг» командасының бұрынғы шабуылшысын қатарына қосты

«Тобыл» клубы «Спортинг» командасының бұрынғы шабуылшысын қатарына қосты

Қостанайлық «Тобыл» 25 жастағы сербиялық шабуылшы Урош Миловановичпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Милованович Сербияның «ОФК Белград», Испанияның «Леванте» және «Црвена Звезда» академияларында тәлім алған.

2022 жылы ол Испанияға ауысып, «Спортинг Хихон» клубымен келісімшартқа қол қойды. Кейін Португалияда жалға алу шартымен Визела сапында өнер көрсетті, ал 2025 жылдың жазында еркін агент ретінде Шавиш құрамын толықтырды.

Сондай-ақ Урош Сербияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырту алған.



Күн шежіресі