Тимофей Скатов Чехиядағы турнирдің 1/4 финалына өтті
Тимофей Скатов (271 ATP) Чехияның Острава қаласында «Челленджер» сериясындағы турнирде жеңісті жолын жалғастыруда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Екінші айналымда қазақстандық теннисіші испандық Даниэль Ринконды (216 АТР) 7:6 (7:3), 3:6, 6:3 есебімен жеңді.
1/4 финалда Тимофей Денис Новак (Австрия) пен Генри Сквайер (Германия) кездесуінде үздік шыққан ойыншымен күш байқасады.