Танымал теннисші Янко Типсаревич Алматыда жас ойыншылармен кездесті
Әлемнің экс 8-ракеткасы Янко Типсаревич Алматы қаласында жас теннисшілермен кездесіп, шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Сербия құрамында 2010 жылы Дэвис кубогының жеңімпазы атанған Янко Типсаревич Алматыдағы Gorky Tennis Park, ACE және ЦСКА теннис орталықтарында болды. Атақты теннисші шеберлік сағатынан кейін ата-аналар алдында Сербиядағы үздік ұйым – 2013 жылы құрылған өзінің академиясындағы бапкерлік жұмыстың қағидалары мен әдістемесі жөнінде әңгімелеп берді.
Янконың Қазақстанға келудегі басты мақсаты – осындағы жаттығу барысын көзбен көріп, еліміздегі теннистің дамуымен танысу.