Қазақстан хоккейден өтіп жатқан Ресейдегі турнирді сәтсіз бастады
Қазақстан құрамасы Санкт-Петербургтегі Бірінші арна кубогындағы алғашқы ойынында Беларусь командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Жетінші минутта қазақстандықтар Александр Борисевичтің күшімен есеп ашты.
Үшінші кезеңге дейін артықшылық сақталғанымен, Виталий Пинчуктың қос шайбасы және Вадим Мороздың соңғы голы Беларусь командасына 3:1 есебімен жеңіс әкелді.
14 желтоқсанда Қазақстан КХЛ әлем құрамасымен кездеседі.