logo

Шымкентте халықаралық жастар турнирлеріне іріктеу өтеді

Шымкентте халықаралық жастар турнирлеріне іріктеу өтеді

13-ден 25 мамырға дейін Шымкентте Asia/Oceania Final Qualifying Juniors Davis Cup және Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирлері өтеді. Оған Азия/Океания аймағының ең үздік жас теннисшілері қатысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстаннан басқа, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Қытай Тайбэйі, Гонконг, Иран, Индонезия, Жаңа Зеландия, Өзбекстан, Иордания, Малайзия, Тайланд, Вьетнам және Шри-Ланка құрамалары қатысады.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Жігіттер:

 1 Зангар Нұрланұлы (Түркістан)

 2 Дәмир Жалғасбай (Алматы)

 3 Даниял Тазабеков (Шымкент)

Капитан: Сергей Квак

Қыздар:

 1 Ариана Гогулина (Астана)

 2 Альбина Какенова (Астана)

 3 Ева Корышева (Ақтөбе)

 4 Сатима Төреген, қосалқы (Алматы).

Капитан: Ярослава Шведова

Өткен жылы Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис Кубогі мен Билли Джин Кинг Кубогінде сәтті іріктеуден өтіп, Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет 16 жасқа дейінгі жастар арасындағы командалық әлем чемпионаттарының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Әрбір турнирде 16 команда қатысып, төрт топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік құрама плей-оффқа шығады. Олар әлем чемпионатына жолдама үшін ойнайды. Биыл Азия/Океаниядан жігіттер мен қыздар арасында төрт жолдама беріледі (жартылай финалға шыққан төрт команда автоматты түрде әлем чемпионатына қатысады).



Күн шежіресі