Шығыс дербиінде жеңімпаз анықталған жоқ (видео)
Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында «Елимай» мен «Алтай» командалары кездесті. Дербиге тән бұл матч соңғы минуттарға дейін тартысты өтті.
«Елимайдың» капитаны Рамазан Оразов осы кездесуде есеп ашты, алайда 90-минутта «Алтай» вингері Сейф Попов таразы басын теңестірді.
Семейлік футболшылар қосымша уақытта жеңісті жұлып алуға мүмкіндік алды, бірақ шабуылшы Иван Свиридов пенальтиді жүзеге асыра алмады.