logo

Шығыс дербиі Sport+ арнасында : «Елімай» – «Алтай» матчының трансляциясы

Шығыс дербиі Sport+ арнасында : «Елімай» – «Алтай» матчының трансляциясы

Ұзақ уақыттан кейін Қазақстан Премьер-Лигасында шығыс дербиі өтеді — «Елімай» мен «Алтай» кездеседі. Бір кездері бұл командалар бір облыстың намысын қорғаған.

Бірінші турда Андрей Карповичтің шәкірттері Көкшетауда есепте алда тұрғанына қарамастан жеңісті ұстап тұра алмай, «Оқжетпеспен» 1:1 есебімен тең түсті. Ал Вахид Масудовтың командасы тартысты ойында қазіргі чемпион «Қайраттан» 0:1 есебімен жеңілді.

Семейдегі алаңның дайын болмауына байланысты матч «Астана Аренада» өтеді.

Кездесудің басталуы — сағат 15:00–де. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі. 



Күн шежіресі