logo

Шутов «Барыстың» сырт алаңдағы ойындарынан шеттетілді

Шутов «Барыстың» сырт алаңдағы ойындарынан шеттетілді

«Барыс» қысқа сырт алаңдағы сапарын Тольятти – Қазан бағытымен бастады, деп хабарлайды Sport+.

Бас бапкер Ғалым Мамбеталиев сапарға келесі ойыншыларды алып кетті:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Юхан Маттссон, Артем Шестаков.

Қорғаушылар: Виктор Антипин, Әділ Бекетаев, Данил Бутенко, Тамирлан Ғайтамиров, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Хақназар Кенесбай, Артем Королев, Илья Хохлов.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Станислав Бочаров, Антон Бурдасов, Артур Гросс, Дамир Жафяров, Дінмұхаммед Қайыржан, Всеволод Логвин, Иван Николишин, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Никита Сетдиков, Ансар Шайхмедденов.

Жарақат алғандар қатарында Роман Старченко, Максим Мұхаметов және Батырлан Мұратов бар. Сонымен қатар, медициналық себептерге байланысты Андрей Шутов сапарға қосылмайды. Бейбарыс Оразов пен Николай Шульга Қазақстанның студенттік құрамасы сапында Италиядағы Универсиадада ойнайды.