logo

Су добынан спортшыларымыз қола медаль үшін қытай құрамасымен сынға түседі

Су добынан спортшыларымыз қола медаль үшін қытай құрамасымен сынға түседі

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында су добынан сынға түсіп жатқан Қазақстан ұлдар құрамасы жартылай финалда Жапонияға есе жіберді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

9 наурыз күні жігіттеріміз қола жүлде үшін ойында Қытай құрамасына қарсы сынға түседі. Ал финалда Жапония мен Иран бас жүлдені сарапқа салады.

Су добы. Ұлдар. 1/2 финал

Қазақстан - Жапония 10:20 (1:4, 2:4, 2:1, 5:11)

Голдар:

Егор Белоусов, Кирилл Пантелеев - 3

Нұрдәулет Сүлейман, Әл-Фараби Құбайдолла, Нұрасыл Сәтберген, Дәурен Әли – 1.