Стоилов пен Теккенің текетіресі: «Гезтепе» – «Трабзонспор» матчының тікелей эфирі
Тәжірибелі болгар маманы Станимир Стоилов басқаратын, аса үлкен бюджеті болмаса да жоғары орындар үшін күресіп жүрген «Гезтепе» мен «Трабзонспорды» қайтадан көш басына шығарған Фатих Теккенің арасындағы үлкен бапкерлік текетірес күтіп тұр.
Екі команда да матчқа жеңіліссіз сериямен келіп отыр: «Гезтепе» соңғы 4 матчтың үшеуінде жеңіп, біреуінде тең түсті, ал «Трабзонспор» соңғы рет 14 қыркүйекте ғана ұтылған.
«Гезтепе» – «Трабзонспор» матчы 7 желтоқсанда, 22:00-де өтеді.
Тікелей көрсетілім Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.