Эстонияның Таллин қаласында Challenger сериясына кіретін мәнерлеп сырғанаудан Tallinn Trophy халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын Никита Кривошеев пен Артур Смағұлов қорғайды.

18 қарашада спортшылар қысқа бағдарламаны орындаса, 19 қарашада еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Ерлер арасындағы бәсекеде 24 спортшы жүлдеге таласады.