Қазақстан құрамасы шорт-тректен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін әлемдік турдың үшінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдағы жарыста еліміздің намысын алты спортшы қорғайды.
Ұлттық құрама сапына Мақсат Уалиулла, Павел Цой, Алишер Абулкатимов, Санжар Жанисов, Давид Нашаев және Дамир Курманов кірді.
Жарыс 20-22 қараша аралығында өтеді.
