Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова тау шаңғы спортынан Левиде (Финляндия) өткен 2026/27 жылғы маусымның алғашқы Әлем кубогы кезеңіне қатысты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы слалом сайысында өнер көрсетті. Алғашқы мүмкіндікте Скороходова қашықтықты 58,78 секундта жүріп өтіп, 35-орынға тұрақтады.

Екінші мүмкіндікте өнер көрсету үшін үздік 30 спортшының қатарына кіру қажет еді. Алайда отандасымыз іріктеу кезеңінен өте алмай, алғашқы айналымнан кейін жарысты аяқтады.

Жарысқа 31 елден 89 спортшы қатысты.

Германия өкілі Эмма Айхер жеңімпаз атанды. Албаниялық Лара Колтури екінші орын алса, үздік үштікті австриялық Катарина Труппе түйіндеді.