2026/2027 жылғы маусымда биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңі 26-29 қараша аралығында Финляндияның Контиолахти қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдағы жарыста Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайды.
Ерлер:
— Александр Мухин
— Владислав Киреев
— Әсет Дүйсенов
— Кирилл Бауэр
Әйелдер:
— Милана Генева
— Лаура Киныбаева
— Айша Ракишева
— Дарья Климина
Әлем кубогының алғашқы кезеңінде ерлер 20 шақырым, әйелдер 15 шақырым қашықтықта жекелей жарысқа қатысады. Сонымен қатар спринт, аралас эстафета және жекелей аралас эстафета сайыстары өтеді.
