Sport+ арнасындағы Африка ұлттары кубогы. Екінші ойын күнінің матчтарының тікелей эфирлері
21 желтоқсанда Марокко алаңдарында футболдан Африка ұлттары кубогы басталды.
Турнирдің екінші ойын күнінде үш матч өтеді. Астана уақытымен сағат 19:00–де Мали құрамасы Замбия командасымен кездеседі. Ал 22:00–де алаңға ОАР мен Ангола құрамалары шығады.
Ойын күнінің соңғы матчы 01:00–де басталады — Мохаммед Салах бастаған Мысыр құрамасы Зимбабвемен ойнайды.
Барлық матчтардың тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz ресми сайтында қолжетімді болады.