logo

Шорт-тректен командалық сайыста отандастарымыз ширек финалға өте алмады

Шорт-тректен командалық сайыста отандастарымыз ширек финалға өте алмады

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен 2000 метр қашықтықтағы аралас эстафета өтті.

Бұл сайыста әлемнің тек 12 құрамасы ғана жолдама алған болатын. 

Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Денис Никиша, Ольга Тихонова бастаған Қазақстан құрамасы өз тобында Канада, Қытай, Бельгиямен сынға түсіп, 2:42.199 уақыт көрсеткішімен жарысты 4-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстанның дәл осы құрамы Бейжің Олимпиадасында 5-орынға тұрақтаған болатын.