Кира Данилова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Астанада жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
Турнир аясында 69 келіге дейінгі салмақта жасөспірім қыздар арасында сайыс өтті. Онда Қазақстан құрамасы екі бірдей медальға ие болды.
Қоссайыс нәтижесі бойынша 198 (87+111) келіні бағындырған Кира Данилова алтын медаль жеңіп алды. Софья Шальгина 175 (82+93) келі көтеріп, үшінші орынға табан тіреді.
Екінші орын өзбекстандық Динура Холдороваға бұйырды — оның көрсеткіші 186 (81+105) келі болды.