logo

Юлия Путинцева Сеулдегі WTA турнирінің бірінші айналымында әлемнің 46-ракеткасына жол берді

Юлия Путинцева Сеулдегі WTA турнирінің бірінші айналымында әлемнің 46-ракеткасына жол берді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Сеулдегі WTA турнирінің жекелей сайысының бірінші айналымында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Путинцева әлемнің 46-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовамен кездесті. Екі сетте АҚШ өкілі мықтырақ болды — 6:3, 7:6.

16 қыркүйекте WTA рейтингісінде 30-орында тұрған Путинцева Сеулдегі турнирдің жұптық сайысының алғашқы матчында да жеңіліске ұшыраған болатын.

Оңтүстік Кореядағы турнирге Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да қатысуы керек еді, бірақ ол жарыс басталардан бір апта бұрын турнирден бас тартты.