logo

Юлия Путинцева Australian Open турнирінен ұшып кетті

Юлия Путинцева Australian Open турнирінен ұшып кетті

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (№64) Мельбурндегі АО-2024 турнирінің аясындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әйелдер арасындағы екінші ракеткасының қарсыласы ресейлік Анастасия Захарова болды (№191). Есеп 6:2, 0:6, 3:6 болды. Ойын 1 сағат 50 минутқа созылды.

Захарованың келесі ойыны бірінші айналымда ресейлік Анастасия Потапованы (No29) ұтқан словениялық Кая Юванға (No109) қарсы өтеді.