Бублик ATP-250 финалына өте алмады
Жекелей сында үздік қазақстандық теннисші Александр Бублик Аделаидада (Австралия) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жартылай финалда британдық 62-ші ракетка Джек Дрейперден 6:7 (2:7), 4:6 есебімен ұтылды.
Турнирдің финалында Драпер чехиялық Иржи Лехечкаға (32) қарсы ойын өткізеді.
Ал Бублик келесі кезекте 14-28 қаңтар аралығында Мельбурн қаласында өтетін Australian Open 2024 турнирінде өнер көрсетуі керек. Оның турнирдегі алғашқы қарсыласы үндістандық Сумит Нагал болмақ.