logo

«Тобыл» Еуропа лигасындағы жорығын бастады

«Тобыл» Еуропа лигасындағы жорығын бастады
Қазақстан Кубогының иегері «Тобыл» Еуропа лигасындағы бірінші матчын словакиялық «Ружомберок» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч 5:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Қостанайлық команда атынан голдардың авторлары Игор Иванович пен Давид Энен болды.

Командалар арасындағы жауапты матч Қостанайда 18 шілде күні өтеді.



Күн шежіресі