Милич Чурчич: Қарымта ойында жылдам гол «Тобылға» үміт сыйлау мүмкін
Қостанайлық «Тобылдың» бұрыңғы бапкері Милич Чурчич Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Ружомберокке» қарсы қарымта ойын алдында ойымен бөлісті.
«Болжам жасау қиын, және, әрине, «Тобылдың» бірінші ойында жеңілгені өкінішті. Мен футболшылардан, әсіресе стандартты жағдайларда, көбірек тәртіп күтемін. Сондай-ақ, алаңда максималды сенімділік пен позитивті энергия қажет. Әрине, жылдам гол соғылғаны жақсы болар еді, себебі «Тобылдың» жағында барлығы бар.
Жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды және қажет, мен «Тобылдың» әрі қарай өтуіне сенімдімін, өйткені команданың ойын сапасы «Ружомберокке» қарағанда әлдеқайда жоғары. Бірінші ойында «Тобыл» есеп ашты, уақытында гол соқты, сондықтан мен болашақ ойында да соны күтемін. Бірақ максималды шыдамдылық пен сенімділік қажет. Біз әрі қарай өте аламыз деп үміттенемін. Өткен жылы Еуропадағы ойынды қайталау керек.
Бірінші ойын туралы айтатын болсақ, иә, өкінішті, стандарты жағдайларда және айып алаңындағы қорғаныста максималды концентрация мен тәртіп жетіспеді. Сондай-ақ «Тобылдан» шабуылда агрессивті ойын және көбірек прессинг күтемін.
Футболшылар мұны біледі және жасай алады. Мен оларға сенемін. Футболда бәрі болады, сондықтан жылдам гол бәрін шешуі мүмкін. Өзімнің бұрынғы клубыма сәттілік тілеймін, оларға жанкүйермін және ойынды көретін боламын. Еуропа Лигасында сәттілік біздің жағымызда болады деп үміттенемін. Алға, «Тобыл»!
Ескеріңізге сала кетейік, «Тобыл» қарымта ойында 18 шілде күні сағат 20:00-де Қостанайда словакиялық «Ружомберокты» қабылдайды. Бірінші ойынның есебі - 5:2 қонақтардың пайдасына аяқталған. Ойынның тікелей эфирін Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, сонымен қатар sportplustv.kz сайтында тамашалауға болады.