Скатов Венгриядағы турнирді cәтсіз бастады
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР 269) Венгрияның Секешфехервар қаласында өтіп жатқан турнирдің басында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
1/16 финалда қазақстандық теннисші итальяндық Андреа Пеллегриномен (157) ойнап, 7:6 (7:2), 2:6, 4:6 есебімен жеңілді. Ойын екі сағат 35 минутқа созылды.
Айта кетейік, биылғы маусымда Скатов әлі ешбір турнирде сәтті өнер көрсете алған жоқ. Бұған дейін қазақстандық теннисші Австралияның Канберра қаласындағы, испан Тенерифесіндегі турнирлерде және Australian Open чемпионатында іріктеуден өте алмады.