Скатов Африкадағы турнирдің келесі кезеңіне өтті
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Тунисте өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің бірінші айналым матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Скатов кортта француз теннисшісі Бенджамин Бонзимен (АТР 175) кездесіп, үш сетте 5:7, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Матч екі сағат 43 минутқа созылды.
Айта кетейік, 23 жастағы Скатов қазіргі уақытта АТР әлемдік рейтингінде 247-ші орында тұр.