logo

Анна Данилина Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Анна Данилина Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Анна Данилина эстониялық Ингрид Нилмен бірге Испаниядағы Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Данилина – Нил жұбы ширек финалда жапониялық Нао Хибино мен тайвандық Фан-Сянь Уды 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Атап өту керек, Данилина – Нил жұбы турнирде үшінші номермен себілген. Жартылай финалда олар бірінші себілген америкалық Николь Меличар мен австралиялық Эллен Переспен кездесуі мүмкін.



Күн шежіресі