Сергей Емьянов Олимпиадада ескек есуден жарыстың ширек финалына шықты
Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын Сергей Емельянов жалғыз каноэде есуден олимпиадалық жарыстың алдын ала раундына қатысты (1000 метр), деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол бағдарламаның осы түріндегі өнерін алдын-ала раундтан бастады. Емьянов үшінші жарыста өнер көрсетті.
Жарысты ол төртінші болып аяқтады. Алайда, жартылай финалға тікелей өту мүмкін болмады, өйткені бұл кезеңге әр жарыстан екі үздік спортшы шыға алады.
Емельянов Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді 1/4 финалдан жалғастырады.