logo

Таеквондошылар Олимпиадада жарыс жолын бастайды

Таеквондошылар Олимпиадада жарыс жолын бастайды

2024 жылғы Париж Олимпиадасында таеквондодан жеребе тартылды. Olympic.kz қазақстандық атлеттердің алғашқы қарсыластарын атады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Париждегі жазғы ойындарда аталған спорт түрінен екі қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

58 келідегі Самирхон Абабакиров италиялық Вито Дел'Акилаға қарсы шығады. Бұл кездесу 7 тамыз күні 1/8 финал аясында өтеді. 

9 тамызда 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Батырхан Төлеуғали даянгке шығады. Оның бірінші қарсыласы – малилік Исмаил Кулибали.



Күн шежіресі