Семейдегі үлкен футбол мерекесі: «Елімай» — Каспий матчының трансляциясы

Семейдегі үлкен футбол мерекесі: «Елімай» — Каспий матчының трансляциясы

Семейде үлкен футбол мерекесі өтуде — «Елімай» ақыры өз алаңына оралды. Андрей Карпович жаттықтыратын команда маусым басындағы матчтарын Астанада өткізген еді. Енді «Спартак» стадионының алаңы матч қабылдауға дайын болған соң, команда туған жеріне қайта оралды.

«Елімай» қазір екі жеңілістен тұратын сериямен келе жатыр — Қазақстан Кубогында «Ақтөбе» командасынан және чемпионатта «Ұлытау» клубынан ұтылды. Ал олардың алдағы қарсыласы «Каспий» керісінше, күтпеген жерден өз сериясын үзіп, өз алаңында «Астана» командасын жеңді.

Бір қызығы, қайта құрылғаннан кейін «Елімай» әлі бірде-бір рет «Каспиймен» ойнаған жоқ. Командалар алғаш рет бір лигада кездескелі отыр.

Сондықтан Семейдегі бұл қарсыласу ерекше қызығушылық тудырып отыр.

Матч сағат 18:00–де басталады. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.
 
 
 



Күн шежіресі