«Шахтер» Польша екінші лигасының клубына жол берді (видео)
Қарағандылық «Шахтер» Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында кезекті бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Игорь Солошенконың шәкірттерінің қарсыласы Польша екінші лигасының «Котвица» клубы атанды.
Польшалық команда кездесуде басым түсті – есеп 1:2. «Кеншілер» құрамындағы жалғыз голды Шыңғыс Флюк соқты.