logo

«Шахтер» өз түлегін қайтарып алды

«Шахтер» өз түлегін қайтарып алды

Қарағандылық «Шахтер» жергілікті футбол түлегі Дмитрий Бачекпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бачек мансабын «Шахтерде» бастап, содан кейін ол Еуропада өзін сынап көруді шешті. Ол екі маусымды Испанияның төменгі лигаларында «Побленсе» және «Антекеру» командаларында ойнады.

Маусымға «Ақсуға» оралғаннан кейін «Арсенал» (Белоруссия) сапында ойнауға кетті.

Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнау тәжірибесі бар.