logo

«Шахтёр» көшбасшыны қуып жете ала ма? «Қайрат-Жастар» – «Шахтёр» матчының тікелей эфирі

«Шахтёр» көшбасшыны қуып жете ала ма? «Қайрат-Жастар» – «Шахтёр» матчының тікелей эфирі

Қарағандылық «Шахтёр» Бірінші лига маусымына басты фавориттердің бірі ретінде кірді және қазіргі таңда 6 турдан кейін турнирлік кестеде 2-орында тұр, көш бастап тұрған «Каспийден» 1 ұпайға қалып келеді.

Ал «Қайрат-Жастар» турнирлік кестенің ортасында орналасқан, соңғы матчта «Алтайдан» 2:0 есебімен жеңіліп қалды.

Енді бұл екі команда Алматыда Т. С. Сегізбаев атындағы академияның алаңында кездеседі.

Матч 16:30–да басталады. Тікелей эфирде кездесуді Sport+ телеарнасы, sportplustv.kz сайты және YouTube желісіндегі sportplus_qaz арнасы көрсетеді.



Күн шежіресі