logo

Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад TUF жаңа маусымының бапкерлері болуы мүмкін

Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад TUF жаңа маусымының бапкерлері болуы мүмкін

UFC жартылай орта салмақ дәрежесіндегі чемпионы Белал Мұхаммад пен осы дивизионның рейтингінде екінші орында тұрған Шавкат Рахмонов The Ultimate Fighter (TUF) шоуының 33-маусымында командаларды басқаруы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.

Бұл ақпарат Қазақстандық спортшының Dar Team командасы жариялаған жазбадан кейін тарады. Олардың мәліметінше, жағдайға жақын дереккөздер Рахмонов пен Мұхаммадтың UFC-дің аңызға айналған шоуына қатысу мүмкіндігін растаған.

Еске сала кетейік, Шавкат 2024 жылдың желтоқсан айының басында UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақта чемпиондық белбеу үшін Белал Мұхаммадпен кездесуге үміткер болды. Бұл жеңіс Рахмоновтың мансабындағы алғашқы уақытынан бұрын аяқталмаған жекпе-жек болды.